Date of publication: 15.11.2018 19:27
Date of changing: 16.11.2018 11:54

15 қараша – Қазақстан Республиканың ұлттық валюта күні.

Қаржы-экономикалық саласының қызметкерлеріне бұл аса маңызды мереке, ол өзіне ерекше көзқарас талап етеді.

Мереке қарсаңында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін сонымен қатар аудан экономикасының дамуы ауқымды үлес қосқан үшін Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері – салықтық есептерін тіркеу, қабылдау және өңдеу  бөлімінің басшысы Қазбек Әбдібеков,

салықтық әкімшілендіру бөлімінің басшысы Нұрлан Қуандықов және салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Әсем Хастаева ауданның 90 жылдығына арналған мерекелік медальдармен марапатталды.

Ұлттық валюта күніне орай Құрмет грамоталармен және естелік сувенирлармен мәжбүрлеп өндіру бөлімінің жетекші маманы Айсұлу Камзебаева мен салықтық әкімшілендіру бөлімінің Төлесін Тоқтарбек марапатталды.        

Мерейлі мереке күні қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне атсалысқан ардагерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, жанұяларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілейміз!