Date of publication: 20.11.2018 12:14
Date of changing: 27.11.2018 18:05

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық кодексіне сәйкес айналым жасау кезінде тауралдары, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:

1)  қосылған құн салығын төлеушілер;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;

3) салық Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

4) салық Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;

5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Салық міндеттемесін орындау мақсатында және ӘҚБтК-нің 280-1- бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, жыл басында сайттың үлкен техникалық жүктелуі болғандықтан, ЭШФ АЖ-де WWW.ESF.GOW.KZ сайтында тіркеуден өтуге кеңес береміз.

Салық төлеушілердің ыңғайлығы үшін Көкшетау қаласы бойынша МКБ ғимаратында СТ терминалында Сіз айтылған жүйеде тіркелуіңізге болады. ЭШФ АЖ жүйесінде тіркелу үшін алдын-ала ХҚК орталығынан электрондық кілт алу қажет (ЖК үшін бір кілт; заңды тұлға үшін 2 кілт: біреуі басшысына, біреуі заңды тұлғаға), сондай-ақ тіркелу үшін заңды құжаттары қажет. 

Аталмыш  талаптар бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар көзделген.

Осылайша, электрондық шот-фактураның бірінші рет жазып бермеген үшін (бір жылдың ішінде) салық төлеушін ескерту күтеді.

Бұл жағдай (бір жылдың ішінде) қайталау кезінде  айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің санаттысына байланысты болады.

шағын бизнес субъектілеріне - 40 АЕК;

орта бизнес субъектілеріне - 100 АЕК;

ірі бизнес субъектілеріне - 150 АЕК.

 Соңдай-ақ  кеңес алу үшін М.Горький көшесі, 21а уй мекен-жайы бойынша орналасқан Ақмола бойынша мемлекеттік кірістер  департаментінің Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасында 302 кабинетіне  хабарласа аласыз, жұмыс телефондары 72-11-85.