Date of publication: 14.01.2019 16:42
Date of changing: 14.01.2019 16:43

Ақмола  облысы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері 30 жылдан астам салық органдарында еңбек еткен салық саласының ардагері Ляуля  Ғалиқызы  Хайруллинаны  80 жылдық мерей тойымен құттықтады.

Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибраев Теңбай Сәпиоллаұлы Ляуля  Ғалиқызына құттықтау хатын жариялап  сыйлық тапсырды.

 

Құрметті Ляуля  Ғалиқызы!

     Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті  Сізді 80 жылдық  мерей тойыңызбен  шын жүректен құттықтайды!          

         Сізді осы таңда адам өмір жолының асқар биігі, Салық саласының қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған  зиялы  азамат ретінде танимыз.

         Сіз еліміздің дамуына өз үлесіңізді қостыңыз. Тынбай еңбек еттіңіз. Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды адалдыққа, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп отырсыз.

         Сізге Қазақстан Республикасының салық саласында адал еңбегіңіз үшін шын алғысымызды білдіре отырып, өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!

 

Ақмола облысы бойынша

Мемлекеттік  кірістер 

департаментінің

басшысы                                                                  Т.Ошақбаев