Date of publication: 07.03.2019 12:38
Date of changing: 07.03.2019 17:05
 
      Бұл мейрамды карсалған сайын, әйелге деген сүйіспеншілік оның сұлулығы мен мейірімділігі үшін ғана емес, ең алдымен әйел-анаға және әйел еңбекқор-жұмысшыға құрметтеу болып табылады.
   
      Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  ұжымында  ғана емес, бүкіл аймақта аса құрметтейтін ханымдарымыз  аз емес.
       Мерейтой қарсаңында осы жұмысшылардың бірін Майра Мағжанқызы Қараулова туралы айтып бергіміз келеді.

   Майра Мағжанқызы салық органдарында 1995 жылдан бастап жауапты және маңызды салаларда жұмыс атқаруда.

     Осы уақытта  тәжірибелі көшбасшы, кәсіби маман, құзыретті және жастар үшін жауапты тәлімгер  атағына ие болды.
       Жоғары кәсібилік, тәртіп пен жауапкершілік оған кез келген тапсырмаларды қысқа мерзімде сапалы орындауға мүмкіндің береді.
             Инспектор маманнан бастап ол  Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшылыққа дейін жолын өтіп,  қазіргі уақытта  Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып жұмыс атқарады.
     Өткен жылдың  қорытындысы бойынша Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы департамент  рейтингі бойынша  бірінші орынға иеленді.

        2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттін жоспары 109,9% орындалып, жергілікті бюджетке қосымша 231,6 млн. теңге аударылды.

          Қызметте жоғары нәтиже көрсеткен үшін Майра Қараулованы «Салық қызметінің үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасы   Конституциясына - 10 жыл»  және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  - 25 жыл»   мерекелік  медалдарымен марапатталған.
Құрметті Майра Мағжанқызы!
 

 Сізді 55 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймыз!

Сіз еңбекте мол тәжірибе жинай отырып, бүгінгі күнде жас мамандарға кәсіптік тәжірибелік көмек көрсетіп отырсыз.

Өмірдегі белсенді тұжырымдамаңыз, қайырымдылығыңыз бен кішіпейілдігіңіз үшін

 Сіз әріптестердің сый-құрметіне бөленіп жүрсіз.

Сізге мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, істе сәттілік тілейміз!

 

 

Ізгі ниетпен Акмола облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы