Date of publication: 26.03.2019 11:26
Date of changing: 26.03.2019 11:28

Ақмола облысы бойынша Мемлекетттік кірістер департаментінің қызметкерлері игі дәстүр бойынша Зеренді ауданындағы Қызыл таң ауылының орта мектебіне іс-сапарымен барып, Наурыз мерекесіне қатысты. Осы жылы шара ауылдың клубында өтті.
Шараның алдында Ақмола облысының Мемлекетттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ибраев балаларға өзінің батасын беріп, оларға оқуда озат болыңдар деген тілек білдірді.
Үкілі Ыбрай атындағы Ақмола облыстық филармонияның әншісі белгілі өнертанушы Сәрсенбай Хасенов ауыл тұрғындарының алдында танымал халық және эстрадалық әндерін шырқады.
Шараға қатысқан Ортақ ауыл округінің әкімі Мархабия Ерғалиева танымал әртіске жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
Шара барысында армреслинг, волейбол және басқа да спорт түрлерінен жарыстар, сонымен қатар үздік ұлттық киім байқауы өткізілді.
Қамқоршылар балаларға сыйлықтар табыс етті.
Келе жатқан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын көңілмен, ақ ниеттен құттықтаймыз! Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын –деді өз сөзінде Ақмола облысы бойынша Мемлекетттік кірістер департаментінің бас маманы Ирина Субботина.

Наурыз мейрамы құтты болсын!