Жарияланған күні: 02.04.2015 15:01
Өзгертілген күні: 28.04.2015 11:06

ҚҰРМЕТТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ!

Бизнесті мемлекеттік тіркеу Сіз үшін мемлекеттік қолдау алу үшін мүмкіндік және Сіздің құқығыңызды және мүддеңізді мемлекеттік деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.

Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын және (немесес) ауыл шаруашылығы өнімін сауда базарларының аумағында өткізетін және (немесес) 2015 жылғы қызметтен түсетін табыс 256 368 теңгеден асатын кезде «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңымен мемлекеттік тіркеусіз қызметті жүзеге асыруға тиым салынады.

Дара кәсіпкер ретінде тіркеу мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен берілген салық өтінішінің немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде берілген салық өтінішінің негізінде жүргізіледі.

 

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызмет ӘҚБК 269-бабымен айқындалған, әкімшілік жауапкершілікке соқтырады.

Бір жыл ішінде қайталанған кезде салынатын айыппұл көлемі 15 856-дан 29 730 теңгеге құрайды.

Мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың барлық фактісі бойынша мемлекеттік кіріс органдарына  хабарлаңыздар.