Облыстың Мемлекеттік кірістер органдарымен атқарылған жұмыс нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің жоспар көрсеткіштері орындалды.
2016 жылдың қорытыңдысы бойынша Мемлекеттік бюджеттің жоспары 111.0% орындалды, жоспар 101,5млрд. теңгені құрап, нақты 112,6 млрд. теңге түсті. Соның ішінде республикалық бюджет 121,2% орындалып, жергілікті бюджет 102,9% орындалды.
Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 25 млрд. 142 млн. теңге артып түсті, немесе 128,7%. Республикалық бюджеттің түсімінің өсу қарқыны 147,0% құрады (17 млрд. 363 млн. теңгеге), жергілікті бюджеттің түсімінің өсу қарқыны 115,4% құрады (7 млрд. 780 млн. теңгеге).
Салықтар мен төлемдерді әкімшілендіру жұмыстарын атқарған негізінде мемлекеттік бюджетке қосымша 8 млрд. 484 млн. теңге алынды (соның республикалық бюджетке – 6 млрд. 265 млн. теңге, жергілікті бюджетке – 2 млрд. 219млн. теңге).
Талдау және тәуекелдер
басқармасының басшысы
Аслан Абдрахманов