Жарияланған күні: 14.07.2015 15:14
Өзгертілген күні: 14.07.2015 15:15

 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 72-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттің аумағына жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызмет емес мақсатында әкелінген тауарлардың импорты кезінде жанама салықтар алынбайды.

Салық кодексінің 276-2-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлға Кеден одағында қосылған құн салығы төлеушілері болып табылады.

Бұл ретте Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттааталған Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.

Осыған байланысты, 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан жеке тұлғалармен  кәсіпкерлік қызмет емес мақсатында әкелінетін тауарлар, оның ішінде көлік құралдары импорты кезінде  жанама салықтар алынбайды.

Сонымен бірге, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет ретінде Армения Республикасы қосылды.

Осыған орай, Армения Республикасынан импортталатын тауарларға Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың нормаларына сәйкес әкімшілендіруге жатады.

Және де, Үшінші елдерден импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту бойынша өзгерістер енгізіліп отыр.

Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:

1) қосылған құн салығы бойынша;

2) таңбалауға жататын импортталатын тауарлар бойынша акцизді қоспағанда, акциз бойынша жүргізіледі.

Кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына табыс етілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.

Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:

1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін кеден органына Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заѕнамасында көзделген құжаттар табыс етілген жағдайда;

 2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген, жанама салықтар бойынша төлеу мерзімін өзгертуді қолдануға құқыєы жоқ тұлғалар санатына жатқызылмаған жағдайда жүргізіледі.

Осыған сәйкес, импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту салық органының Кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20-күнгі мерзім бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын көрсетуі арқылы беріледі.

Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциз төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған жағдайда салық төлеушіні өзгертілген мерзім шегінде өсімпұлдарды төлеуден босатады.