Жарияланған күні: 14.07.2015 15:04
Өзгертілген күні: 14.07.2015 15:12

Қазақстан Республикасының 10.12.2008ж. Заңы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 49-1 бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС)  Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын аталған бабта қарастырылған тауарлар бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.

Заңның 49-1 бабы бойынша  ҚҚС төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органына:

1) ҚҚС бойынша декларацияда осы бапта көрсетілген тауарлар импорты бойынша төленуге тиіс ҚҚС-ның сомасын көрсету және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттемені табыс етеді.

Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада толтырылады;

2) Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, осы Заңның бабында көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

Былай, Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеуді қолдану ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.01.2015 ж. № 26 бұйрығымен бекітілген 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу мынадай шарттарды орындаған кезде:

1) салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Заңның 49-1-бабына сәйкес ҚҚС төленетін тауарлар тізбесіне кіргізілген тауарлар есепке жатқызу әдісімен төленеді;

2) Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етілген жағдайда жүзеге асырылады.

Сонымен, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша қорытындысын табыс ету қажет емес.