Жарияланған күні: 14.03.2024 19:05
Өзгертілген күні: 14.03.2024 19:05

14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді кей жерлерде «Амал» деп те атайды. Бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін амал мерекесімен құттықтайды. Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз, алты ай қыстан аман-есен шығып, көктемге иек артқан шақта - ағайынды іздеп барып, амандық сұрасады. Төс қағыстырып, «Бір жас қосуыңмен», «Жас құтты болсын!» деген тілектер айтады.

      Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтап, амандық-саулық, адалдық пен молшылық, құт-береке тілейміз!