Жарияланған күні: 18.04.2023 19:02
Өзгертілген күні: 18.04.2023 19:02

Салық заңнамасының өзгеруіне байланысты, ҚР ҚМ бұйрығымен 2023 жылғы 30 наурыздағы № 307 бұйрығымен, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіле отырып, салық есептілігі нысандары және оларды толтыру ережелері (100.00, 200.00, 220.00, 300.00, 700.00, 880.00, 910.00, 920.00 салық есептілігі нысандары) бекітілген. 880.00 салық есептілігі нысанының нұсқасы ақпараттық жүйелерде 2023 жылғы 17 наурызда жарияланды.

        Салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz)
веб-порталында 2023 жылға есептілік нысандары қолданыста.

       Бұл нысандар «Қабылданған», «Таратылған» мәртебелеріне ие болған кезде қабылданған болып саналады. Аталған салық есептілігін жаңа нұсқада қайта ұсыну талап етілмейді.

       Салық есептілігінің жаңа нұсқасының жарияланғанын «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-порталында  (kgd.gov.kz) көре аласыз.