Жарияланған күні: 18.07.2017 18:38
Өзгертілген күні: 18.07.2017 18:39

Соңғы уақытта Қазақстанның жеке инвестициялар нарығында қаржылық пирамида белгісі бар ұйымдардың қызметі белсенді әрекет етуде хабарлайды Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Қаржы пирамидасы – бұл тұрғындардың қаражаттарын қандай да бір инвестициялық жобаларға тарту, бірақ шын мәнісінде ешқандай инвестициялық қызмет жүзеге асырылмайды және жобаның алдыңғы қатысушыларына ақы төлеу, тек жаңа қатысушылардың қаржысын тарту есебінен ғана жүргізіледі.

Қаржы пирамидаларының қауіптілігі неде? Ерте ме кеш пе қаржы пирамидалары банкроттықа ұшырайды. Бұл жаңа клиенттердің ақшаларының бұрынғыларға пайыз төлеуге жетпеген уақытта болады.

Мұндай компаниялардың құруы аяқ астынан, сіз оның қай уақытта болатынын білмейсіз және өз ақшаңызды қайтарып ала алмайсыз.  Қаржы пирамидасы сіз ақшаңызды әкелген күннің ертесінде-ақ құруы мүмкін. Кейде жылдап қызмет етеді, бұл уақытта сіздің пайда көруіңіз де мүмкін, бірақ бұл тек сіздің соңыңыздан келген адамдардың есебінен ғана болады, айналып келгенде түбі банкроттыққа әкеп соғады.

Сонымен, егер сізге ақшаңызды төменде көрсетілген белгілердің тым құрығанда бірі бар компанияға салуды ұсынар болса, абай болыңыз, бұның қаржы пирамидасы болуы әбден мүмкін. 

-         Сату көлемімен байланыссыз төлемдер;

-         Үлкен пайыздар мен тез баюға уәде беретін жарнаманың болуы;

-         Сауатты сатушылар, уәдені үйіп төгетін презентациялар, әдемі сайттар, жарнамалық таратылымдар, бұлардың барлығы қатысушыларға қанша табыс табатындарын, олардың қандай жолы болғандықтары туралы айтып береді;

-         Адамдардың басым көпшілігіне таныс емес арнайы спецификалық терминдерді пайдалану - форекс, стокс, фьючерс, трейдинг және тағы басқалар;

-         қатысу үшін ақы  төлеу, бірақ ол көп адамдар үшін қол жетімді сома болып табылады, мысалы үшін 10-20 мың теңге.

-         Ұйымдастырушылар, құрылтайшылар туралы мәліметтерді жасыру. Егер басшылық туралы мәліметтер құпия болса, ал компанияның өзі қандай да бір аралда немесе офшорлық  аумақта тіркелген болса, онда қаражатты салмас бұрын әбден ойланып алған жөн. Офшорлық аумақта компанияны тіркеу жеңілдетілген тәртіпте өтеді, ал осы құрылымның соңында кімнің тұрғанын анықтау оңай шаруа емес. Сондықтан да компанияның құрылтай құжаттарын талап еткендеріңіз жөн.

-         өзіңнен басқа қосымша екі адамды тартқаны үшін сыйақы төлеу қаржылық пирамиданың нақты белгісі болып табылады.

Ақмола облысының аумағында инвестициялық пакеттер (портфельдер) жарнамалаумен  және сатумен айналысатын күмәнді фирмалар пайда болды, ол үшін әр апта және ай сайын белгілі бір табыс алады,  шамамен төмендегідей схема бойынша

пакеттерін түрлері:

White - 90 евро айына 17.30% табысы

Yellow - 270 евро айына 18,20% табысы

Green - 810 евро айына 19,90% табысы

Blue - 2430 евро айына 21,60% табысы

                Red - 7290 евро айына 22,50% табысы

                Black - 21870 евро айына 26,00% табысы

Қысқаша айтқанда, уақытша бос ақша құралдарын тиісті қызметке уәкілетті мемлекеттік органнын лицензиясы бар қаржы мекемелерге орналастыру орынды екендігін  ескертеміз.

Сонымен бірге, облыс тұрғындарын қаржы пирамидаларын құрып ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін, ол үшін мүлкін тәркілеумен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын ескерткіміз келеді.

Қаржылық пирамиданың барлық белгілі болған фактілері туралы Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметіне 25-62-84 сенім телефоны немесе Көкшетау қаласы Пушкин көшесі 21 мекен жайына хабарласуларыңызды сұраймыз.