Жарияланған күні: 29.12.2017 11:45
Өзгертілген күні: 29.12.2017 11:54

Әр адам, ғаламашардың кез-келген орында туратын болса да, Жаңа жылға қарсы сиқырлы мен ғажайыптарды күтуде. Сонымен қатар жаңа жыл қарсалуы - әрбір баланың жүрегінде өте маңызды оқиға.

Өтіп бара жатқан жылдың соңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жақсы игі дәстүр бойынша Зеренді ауданының Қызыл таң ауылының мектебіне жаңа жылдық сапармен барып окушыларды келе жаткан мерекесімен құттықтап және көптеген жаңа жылдық сыйлыктар табыс етті.

Біз мектепке көмектесіп жатырмыз біздің мақсатымыз осы оқушылар өздерінің қала құрбы-құрдастарынан қалыс қалдырмау – дейді Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің бас маманы Темірхан Канафин.

 Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері балаларға жаңа жылда оқуда табыстар, спорттық және тағы басқа жетістіктерді тіледі.

Атап айтсақ ауыл мектебінде өзін іске асыруға барлық жағдайлар жасалғаның атап өткен жөн: би студиясы, халық инструменттерінің оркестрі, бокс, шахмат, «тоғыз құмалақ» халықтық ойынының, волейболдың және спорттын басқа да түрлерінің  үйірмелері бар. «Биші Қайың» мектеп би ансамблінің қатысушылары мәдени алмасу шеңберінде Түркияда өз көрсетулерімен болып қайтты.

Атақты ұстаз-ардагер Клара-апай Ермағамбетова үстаздар және ауыл тұрғындарының атынан қамқоршыларға алғыс білдірді.

Шара барысында жасыл шыршаның айналасында балалар ертегілер кейіпкерлері мен би, ән шырқап, ойындар ойнады.

Жаңа жыл баршамызға мол қуаныш әкелсін!