Жарияланған күні: 17.11.2022 19:04
Өзгертілген күні: 17.11.2022 19:05

Мемлекет басшысының өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау құралдарын жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес мораторийдің қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет!».

Акция аясында азаматтар фискалдық түбіртекті бермеуге қатысты бұзушылықтар және банк картасын қабылдаудан бас тарту туралы хабарлай алады.

«Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады.

Фискалдық түбіртекті бермеу және банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon Cashback» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады.

Кәсіпкер туралы ақпаратты кассаның жанында орналасқан QR-кодтың көмегімен алуға болады. Бұзушылық расталған жағдайда хабарлама жөнелтуші телефон теңгеріміне сыйақы ала алады.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті облыс тұрғындарды өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет!» акциясына белсенді қатысуға шақырады.