Жарияланған күні: 26.12.2023 18:27
Өзгертілген күні: 26.12.2023 18:28
Көкшетауда Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Туризм және экология салалық комитеті кеңесінің отырысы өтті.

Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. 

Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Дәулет  Шулаков   келесі жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің аяқталуы, салықтық тексерулердің түрлері мен мерзімдері туралы хабардар етті.

Шара барысында слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.

Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.