Жарияланған күні: 14.02.2019 16:25
Өзгертілген күні: 22.02.2019 12:03
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Blockchain» технологияның пайдалануымен қосылған құн салығының әкімшілендіру, қосылған құн салығының бақылау шотын пайдалану арқылы қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың сұрақтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен семинар өткізілді.

Аудит басқармасының басшысы Бақыт Жаңабаев салық жинау механизмдерін жетілдіру және отандық тауар өндірушілерді қолдау жолындағы қосылған құн салығының асып кеткен сомаларын қайтаруды жеделдетіру мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексіне бақылау шотын пайдалану арқылы қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың баламалы нұсқасы енгізілгені туралы атап өтті.

Бақылау шоты қосылған құн салығын төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылады және қосылған құн салығы бойынша есеп айырысулардың қозғалысын есепке алу мақсатында, оның ішінде:

- импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу;

- тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу;

- тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеу;

- қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есепке жатқызу үшін пайдаланатын банктік шот болып табылады.

Тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару бақылау шотын пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушіге он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бақылау шотын пайдалану құқығына электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушылар болып табылатын қосылған құн салығын төлеушілер ғана ие болады.

Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға:

1) сатып алынған (алынған) тауарларды (лизинг нысаналарын) басқа тауарларды өндіруде пайдаланатын салық төлеушілер құқылы. Сатып алынған (алынған) тауарлардың (лизинг нысандарының) тізбесін уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді. Сатып алынған (алынған) тауарлар (лизинг нысаналары) сатып алынған (алынған) күннен бастап екі жыл ішінде одан әрі өткізілуге жатпайды;

2) тауарларды экспортқа өткізетін;

3) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпанияларға әуе кемелеріне құю үшін
жанар-жағар май материалдарын өткізетін;

4) салық төлеуші өзі өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаттан өндірілген тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізетін;

5) арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақ аумағына өткізетін салық төлеушілер құқылы.

Салық төлеушілер сатып алған (алған) тауарлар бойынша қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару үшін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

- тауарды беруге арналған шарт (лизинг шарты);

- тауарды (лизинг нысанасын) алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

- тауардың (лизинг нысанасының) тиеп-жөнелтілгенін растайтын, тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

- сатып алынған тауар (лизинг нысанасы) үшін өнім берушінің бақылау шотына қосылған құн салығы сомасының аударылу фактісін растайтын құжат.

- Кодекстің 44-тарауында көрсетілген құжаттар.

Бақылау шотын пайдалану арқылы жүргізілетін қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібіне ие салық төлеушілерге қолданылмайды.

Өткізілген іс-шара барысында семинар қатысушаларынан түскен сұрақтарға толық жауап қайтарылды.