Жарияланған күні: 19.05.2023 18:53
Өзгертілген күні: 19.05.2023 18:55

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 6 ақпандағы №196-VII Заңымен Салық кодексінің 26-бабы 26-тармақпен толықтырылды. Соған байланысты, цифрлық майнинг пул бөлінген цифрлық активтер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынады.
Аталған норма 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.
«Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Салық кодексінің 26-бабының
26-тармағына сәйкес, және цифрлық майнингтік пул мен цифрлық майнерлердің салық салу мақсатында олардың табысын анықтау мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14568392.