Жарияланған күні: 10.02.2023 18:55
Өзгертілген күні: 10.02.2023 18:56

Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбы бойынша брифинг өтті.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімнің басшысы Шынар Мусина 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 2 кезеңі басталғаны туралы жеткізді.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тағы басқа салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкірлері мен жұбайлары декларацияуға міндетті.

Жинақталған активтер мен қолда бар міндеттемелерді тіркеу үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады. (250-нысан)  Кейінгі жылдары кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылады. (270- нысан).

Декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі 2023 жылдың 15- шілдеден кешіктірмей, ал электронды түрде 2023 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық түрде беруге болады. «Электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ «E-salyq Azamat»  мобильді қосымша арқылы. 

Салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаларға арналған «E-salyq Azamat», кәсіпкерлер үшін «E-salyq Business» мобильді қосымшаларын әзірледі.

Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-да Чат-боты іске қосылды. Чат-боттың Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.

Шара барысында аталған цифрлық қызметтер бойынша бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.