Жарияланған күні: 20.09.2018 14:39
Өзгертілген күні: 20.09.2018 14:40

2018 жылдың 1 қазанынан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар (онлайн) бақылау-кассалық машиналарды  қолданатын  кәсіпкерлік қызметтері түрінің тізімі.                                                                                               
-  Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату
-  Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу
-  Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату
- Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату
- Сусындарды көтерме саудада сату
- Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату
-  Тоқыма бұйымдарын сату
-  Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату
-   Киімдерді сату
-   Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
-  Сағат және зергерлік әшекейлерді сату
-  Ломбард қызметі
-  Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі
-  Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
-  Жарнама агенттіктерінің қызметі
-  Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі
-  Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі.