Жарияланған күні: 18.05.2023 19:30
Өзгертілген күні: 18.05.2023 19:31

2022 жылғы 5 сәуірден бастап ҚР және АҚШ үкіметтері арасында халықаралық салық тәртібін (FATCA) жетілдіру туралы келісім күшіне енді.

     Осы Келісімді іске асыру мақсатында ҚР Қаржы министрінің 13.02.2018 ж. №171 бұйрығымен Мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілді, оған сәйкес қаржы ұйымдары жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 маусымынан кешіктірмей мәліметтерді ұсынады.

    Бұл ретте бастапқы мәліметтерді ұсыну кезінде 2014 жылдан бастап есепті кезеңге дейінгі мәліметтер де ұсынылады.

   Мәліметтерді ұсыну электрондық түрде (019-нысан) СЕӨЖ АЖ арқылы жүзеге асырылады.

   Осыған байланысты қаржы ұйымдары ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін тиісті мәліметтерді ұсынуы қажет.