Жарияланған күні: 30.04.2024 12:47
Өзгертілген күні: 30.04.2024 12:56

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Дүйсен Әділхановтың Ақмола облысына жұмыс сапары өтті, оның барысында ол Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымдарымен кездесті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу, болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Дүйсен Бұхарбайұлы Департамент қызметкерлерін Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға, қызметтік және қызметтен тыс уақытта жеке тәртіпке назар аударуға, халықтың сұраныстарына толық бағдарлануға, өзінің лауазымдық міндеттерін адал және тиімді орындауға шақырды.

Іс-шара барысында қызметкерлерді толғандыратын мәселелер тыңдалып, оларды шешу бойынша түсініктемелер берілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл Атбасар ауданы және Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымдарымен де кездесті.