Жарияланған күні: 16.04.2024 10:12
Өзгертілген күні: 16.04.2024 10:14

Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу  туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимі жарияланған Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу жөніндегі кейбір мәселелерді шешу мақсатына  және су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2024 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысының хаттамасына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу жөніндегі кейбір мәселелерді шешу болып табылады.

Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 15 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған http://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15016379.

Бұйрықтың жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 29 сәуіріне дейін.