Жарияланған күні: 01.06.2018 17:57
Өзгертілген күні: 04.06.2018 12:27

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сандық технологияларды біздің өміріміздің барлық салаларына кіруіне қамтамасыз етеді.

Қазіргі танда электрондық кедендік декларациялау жүйесін құру шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі – АСТАНА-1 еңгізген.

АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі еңгізгеннен кейін кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтауға және тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне жұмсалатын уақыт қысқартылды.

Бұл жағдай босату сәтіне дейін тауарларды уақытша сақтау қоймаларында болу уақытына әсер етті, бұл кәсіпкерлерге тауарларды сақтауға арналған қаржы шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

Егер бұрын тауарлар уақытша сақтау қоймаларында 2 күнге дейін сақталса, қазіргі танда тауарлардың сақтау қоймаларында болу  ұзақтығы бір күннен аз уақытқа дейін азайды.

 

Жасыл дәліз бойынша декларацияны өңдеуге және шығаруға арналған уақыт 1 минуттан аспайды. Бұрын осыған ұқсас экспорттық рәсімдеріне 45 минут кететін және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жеке кеден органына келуі қажет болатын.  

Тауарларды  кедендік  декларациялау  максаттары  ұшiн  тұлганың таңдауы бойынша  кеден  органы  лауазымды  адамының транзиттік  декларацияны,  жолаушыларга  арналган  кедендік  декларацияны, көлік  кұралына  арналган  декларацияны,  сондай-ақ  тауарларды  экспорт кедендік  рәсімімен  орналастыруга  байланысты  кедендік  операцияларды жасаган  кезде  тауарларга арналган  кедендік декларацияны  толтыруына жол беріледі

Мәлімет үшін, ағымдағы  жылдың сәуір  айынан бастап Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі еңгізгеннен кейін импорт-40   режимі бойынша 803 декларация рәсімделген, ал осы жылдың қаңтарынан жұмыс істей бастаған экспорт-10 режимі бойынша 2231 декларация, басқа процедуралар бойынша – 103 тауар декларация рәсімделген.

Болашақта АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі «бір терезе» принципі бойынша  Қазақстан  Республикасының басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіріледі, бұл жағдай кедендік ресімдеуін онлайн тәртібінде атқаруға мүмкіндік береді.

Ұсынылатын кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі

жалпы сауданы жеңілдетуге бағытталған.

Владислав Гальт
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
«Көкшетау – кедендік ресімдеу орталығы» 
кеден бекетінің басшының орынбасары