Жарияланған күні: 21.09.2018 12:50
Өзгертілген күні: 21.09.2018 12:51

 

100 нақты қадам  ұлт  жоспарын шеңберінде Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік қызмет жүйесіне  әдеп жөніндегі уәкілі  лауазымы енгізілді.

Казіргі танда мемлекеттік кірістер органдарында әдеп жөніндегі әкілінің функциялары ұжымының беделді және  құрметті қызметшілеріне жүктелген.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі  Болат Абетов аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен бейнеконференц байланыс бойынша кездесу өткізді.

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды деп ол өз сөзінде атап өтті. 

Мемлекеттiк қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге тиіс.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліп келе жатыр. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңындағы  Мемлекеттік басқару Академиясының ғылыми кеңесі «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» («Рocketbook») нұсқаулық шығарылды.

Нұсқаулығында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған, жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін қысқаша нұсқау ұсынылған және мемлекеттік қызметшілердің практикасында бейәдеп мінез-құлық фактілерінің ең көп тараған түрлері келтірілген. Бұдан басқа, осы жұмыста мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері берілген.