Жарияланған күні: 10.04.2024 18:47
Өзгертілген күні: 10.04.2024 18:49
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты «Кокшетау Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында Жалпыға бірдей декларацияау бойынша түсіндіру жұмыстар өткізілді.
   Департаменттің түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина және Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Қарлығаш Молдашева 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталғаны туралы  ақпарат жеткізді,
 Оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны:  - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары;   - жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы кажет.

Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).

Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан). 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:

Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Аzamat, екінші деңгейдегі  банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

         Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.

 Сонымен қатар, апта сайын сәрсенбі және бейсенбіде департаменттің сұрақ-жауап форматында Zoom конференциялар өткізіледі.

Шара сұрақ-жауап форматында өтті және слайдтар көрсетілді.
Кәсіпорын қызметкерлеріне «Е-Salyk Azamat» мобильді қосымшасы арқылы декларация тапсыру мүмкіндігі көрсетіліп, декларацияны тапсыруға көмек көрсетілді.