Жарияланған күні: 07.03.2024 18:15
Өзгертілген күні: 07.03.2024 18:16
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде әріптестерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
 Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин құттықтау сөзінде .. біздің Мемлекеттік кірістер департаментінде  әлсіз әйелдер жоқ, себебі олардың басты ұраны – мемлекет пен қоғамға керек болу. Олар ел бюджетін күн сайын толықтыра отырып, өздеріне байланысты барлық күш-жігерін жасайды. Ақмола МКД алдына қойылған міндеттерді табысты жүзеге асырып, көрсеткіштерді орындауында олардың еңбегі зор.

Мереке қарсаңында лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің құрмет грамотасына Аудит басқармасының бас маманы Бақытгүл  Тәсиева және Кедендік бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Онищенко ие болды.

Сонымен қатар, Әкім облысының Алғыс хатымен  Жанама салықтарды және  ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының бас маманы Татьяна Колесникова марапатталды.

Ақмола облыстық филармониясының әртістерінің қатысуымен өткен мерекелік концерт барлығына қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!

Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Мереке құтты болсын!