Жарияланған күні: 17.05.2019 18:21
Өзгертілген күні: 17.05.2019 18:26

    «Зияткерлік меншікті қорғау» Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықты кеңінен қамту және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелеріне құқық иеленушілерді тарту үшін Республикалық «Контрафакт» акциясын өткізді.

Акциясы барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Әділет департаментінің қызметкерлері «Ақсай-нан» нан -тоќаш комбинатынің Көкшетаудағы филиалының жұмыскерлермен «Қазақстанда контрафактіге жол бермеу» тақырыбы бойынша кездесу өткізді.

Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім басшысы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі Самат  Сайдалин жалған өнімдердің белгілері туралы, фальсификат пен контрафактілік өңімдері аналогтан қалай ажыратуға болады, брендтар, контрафактпен күрес тәсілдері туралы баяндап берді.

     Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларды әкелу барысында өз құзыреті шегінде зияткерлік меншік құқықтарын бұзулуына жол бермеу бойынша тұрақты шаралар қабылдауда.

    Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмі Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://kgd.gov.kz/kk/content/ziyatkerlik-menshik-obektilerinin-kedendik-tizilimi-1 сілтемесі бойынша орналастырылған және сонда зияткерлік меншік құқықтарын қорғалатын тауар таңбалары көрсетілген.

       Өткізілген іс-шара барысында түпнұсқаның жалған  тауарлардан айырмашылықтары, тауар таңбасы және авторлық құқықтарын қорғау туралы және басқа да кездесу қатысушаларынан түскен сұрақтарға толық құзыретті жауап берілді.