Жарияланған күні: 03.01.2024 17:16
Өзгертілген күні: 03.01.2024 17:17

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына ЕАЭО шеңберінде жанама салықтар мен ҚҚС әкімшілендіру  басқармасының  бас маманы Қонысбай Шанеевты шығарып салу рәсімі өтті.

Қонысбай Жүсіпұлы 2000 жылдан бастап салық органдарында қызметтік міндеттерін адал орындап, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.

Өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетті.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан, лауазымды міндетін абыроймен атқарған үшін  «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісі бар.

Құрметті Қонысбай Жүсіпұлы!

Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!

Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің ұжымы