Жарияланған күні: 07.08.2019 09:38
Өзгертілген күні: 07.08.2019 09:39

2019 жылғы 14 тамызда сағат 14:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылуының 5 жылдығына арналған конференция өткізеді.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, ұлттық экономика, қаржы Министрліктерінің, Мемлекеттік

Кірістер комитетінің басшылары, облыстық мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілдері, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері және салық төлеушілер қатысады.

Іс-шара бағдарламасында:

14:00-15:00 - Қатысушыларды тіркеу және кофе-брейк

15:00-15:10 - ҚР ҚМ МКК төрағасы, ҚСТҚ Басқарушы кеңесінің төрағасы

15:00-18:00 -Конференция - пленарлық отырыс келесі мәселелер бойынша:

-Қазіргі салық саясаты туралы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

-Қазақстандағы шағын және орта бизнеске арналған салықтық рақымшылығы орындалу барысы туралы; жеке тұлғалардың - ҚР ҚМ МКК аудит Департаменті

-Камералдық бақылау - ҚР ҚМ МКК бақылау Департаменті

-Электронды шот-фактуралар - ҚР ҚМ МКК цифрландыру және мемлекеттік қызметтер Департаменті

-Арнайы салық режимдері - ҚР ҚМ МКК салық әдістемесі Департаменті

-Кассалық аппараттар - ҚР ҚМ МКК цифрландыру және мемлекеттік қызметтер Департаменті

-Электронды кедендік декларация - ҚР ҚМ МКК Кедендік әдістеме Департаменті

 

Қатысу үшін ҚСТҚ веб-сайтына өтінім немесе қосымша нысанды толтырып, ank@ank.kz мекен-жайына жіберіңіз. Анықтама телефондары:87273936293, 8727 334 18 32(қатысу ТЕГІН, тіркеу 08/10/19-ге дейін МІНДЕТТІ. Орындар саны шектеулі.