Жарияланған күні: 17.03.2023 17:36
Өзгертілген күні: 17.03.2023 17:37
   Наурыз мейрамы қарсаңында Көкшетау қаласының № 12 орта мектебінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері окушыларға интеллектуалдық сабақ өткізді.
 

Шара барысында балаларға салықты не үшін төлеу керек, салықтың қандай түрлері бар және казіргі танда смартфон арқылы салық төлеуге болатыны түсіндірілді.

Сонымен қатар, өскелең ұрпақтарға   сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «сыбайлас жемқорлық», «әдептілік» ұғымдары түсіндірілді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Шынар Мусина мен бас маман Валентина Еремина балаларға қолжетімді, түсінікті және ойын түрде
ақпарат жеткізуге тырысты.