Жарияланған күні: 25.08.2022 10:38
Өзгертілген күні: 25.08.2022 10:39

Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде, оны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері дәстүрлі түрде қолдайды.

Шараның мақсаты - оқу жылы басталар алдында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.

Акция аясында №17 мектептің бірінші сынып оқушысы Тахир Степаненкоға көмек көрсетілді, оған кеңсе тауарлары, спорт киімдері,
 джемпер , сондай-ақ басқа да қажетті заттар сатып алынды.

Тахирге білімді игеру барысында табыс, сәттілік пен денсаулық, нағыз достық пен  қуаныш тілейміз! Ақ жол, Тахир!