Жарияланған күні: 16.11.2022 16:49
Өзгертілген күні: 16.11.2022 16:52
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне арналған 
дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктердің, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, 
Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің, Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік департаментінің өкілдері
 және университет студенттері мен оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында Бизнес және құқық жоғары мектебінің директоры Абай Ысқақов құттықтау сөз сөйлеп,
 ұлттық валютаны енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық валютасы еліміздің экономикалық және саяси тәуелсіздігін сақтаудағы өзінің елеулі рөлін 
нық нығайтты, мемлекеттік әнұранмен, елтаңбамен және мемлекеттік тумен қатар Қазақстан тәуелсіздігінің ажырамас атрибуттарының 
біріне айналды.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Ақмола филиалы директорының орынбасары Талгат Құсмет, 
Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Шынар Мусина және басқалардың баяндамалары тыңдалды.
Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық қызметтері туралы бейнероликтер мен спикерлердің слайдтары қаралды.
Шара соңында мерейтойлық медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.