Жарияланған күні: 17.03.2015 19:00
Өзгертілген күні: 01.04.2015 12:47

            Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Үздік салық төлеуші» 2013 жылдың қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары марапатталды. Бүгінгі таңда мемлекет басшысымен бизнесті қолдауға және дамытуға үлкен мән беріліп отыр, Үкіметтің алдына бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттері қойылуда, кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламалары өмірге енгізілдуде.

Бизнесті моральды түрде қолдаудың бір тәсілі «Үздік салық төлеуші» байқауын өткізу болып табылады, оның айғағы ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетімен 2013 жылдың қорытыныдысы бойынша ең үздіктері анықталды.
Салтанатты аша отырып, Департамент басшысы Ерлан Хасенов отандық кәсіпкерлер және халықаралық инвесторлар үшін бизнесті қолайлы жүргізу, сыртқы сауда айналымын ынталандыру мәселелері Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген негізгі бағыттардың бірі болып табылатынын айтып, салтанатқа қатысушылардың назарын салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың салықтық және кеден заңнамасын ерікті түрде сақтау деңгейін жоғарылату, республика бюджетіне міндетті төлемдерді төлеуден жалтарумен күрес бойынша шаралар нәтижелігін жоғарылату бойынша мемлекеттік кірістер қызмет органдарының жұмысын белсендіруге ерекше ден қойды.

Ақмола облысында мүмкіндік алған 22 номинацияның ішінен 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

              «Кұрылыс - Жалпы бірыңғай белгіленген салық тәртібі»- номинация бойынша

«Мэлс Компани-НС» ЖШС (Корғалжын ауданы),

              «Сауда - Жалпы бірыңғай белгіленген салық тәртібі»- номинация бойынша «Арго» ЖШС (Бурабай ауданы),

             «Қызмет атқару Жалпы бірыңғай белгіленген салық тәртібі»- номинация бойынша «Burabay Hotel Management» ЖШС (Бурабай ауданы),

             «Көлік және байланыс - Жалпы бірінғай белгіленген салық тәртібі»- номинация бойынша  «811 авторемонтный завод КИ» АҚ (Ерейментау ауданы),  

            «Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арналған арнаулы салық тәртібі» - номинация бойынша «Айгерім-К» шаруа қожалығы  (Жақсы ауданы), 

          «Кондитер бұйымдардың өндірісі - Онайтылған декларация негіздегі арнаулы салық тәртібі» номинация бойынша Жеке Кәсіпкер «Зайцев Н.М.»  (Бурабай ауданы),

          «Сауда - Патент негіздегі арнаулы салық тәртібі»- номинация бойынша Жеке Кәсіпкер  «Хажбатыров Р.В.» (Жақсы ауданы).

Дипломдарды тапсыру ресімінен кейін  жеңімпаздар арнайы концерт тамашалады.