Жарияланған күні: 21.11.2022 19:14
Өзгертілген күні: 21.11.2022 19:16

Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев балаларды қолдау жылы деп белгіледі.

      Өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау бала кезінен басталуы тиіс заңға бағынатын тұлға тәрбиелеуді қамтиды.

Көкшетау қаласының «Қарлығаш» балабақшасында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Салық төлегісі келмеген сараң Хасан туралы ертегі» атты ертегі кітабын тарту етті.

Кітапта екі ертегі кейіпкері туралы айтылады. Жақсы жігіт Асан өз қазынасына үнемі салық төлеп отырды, ал сараң бай Хасан табысын  жасырып, салық төлегісі келмеген. Соның салдарынан Асан ауылы көркейіп, дамып, жұртшылық қуанышқа кенелсе, Хасан ауылдың адамдары долы, ашулы және ауылда жолдары мен үйлері көріксіз болды.

Тұсаукесер барысында балаларға салықты не үшін төлеу керек, салықтың қандай түрлері бар және казіргі танда смартфон арқылы салық төлеуге болатыны түсіндірілді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Шынар Мусина кітапты көрсету кезінде балаларға жауап беріп, қолжетімді және түсінікті жеткізуге тырысты.

 

Әр балаға ертегінің кітапшасы  берілді. Балабақшаның «Арай» тобының тәрбиешісі Гүлнәр Уашева айтқандай, «Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің балаларымызға осындай түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітаптарды дайындағаны өте жақсы, себебі осы сәби шақта баланың сана сезімі дамып, тұлға ретінде қалыптасады және тәртіпттік әдепке ұмтылыстары көрініс табады».

Осындай шараларды облыс аудандарында да өткізу жоспарлануда.