Жарияланған күні: 25.04.2023 19:02
Өзгертілген күні: 25.04.2023 19:03

Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында 2022 жылдың 22-желтоқсанынан бастап Telegram «SalyqBot»-та «Мемлекеттік қызметтер бойынша» және «Сыбайлас жемқорлық туралы» сауалнама сұрақтары орналастырылды.
Бұл сауалнамалар тек «SalyqBot» тіркелген пайдаланушылары үшін қол жетімді. Бұл сауалнамалар салық төлеушілерге мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін «SalyqBot»-тың тіркелген пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді. Сондықтан да, Telegram «SalyqBot»-қа тіркелмеген пайдаланушылар автоматты түрде тіркеліп, аталған сауалнамаларға қатысып, мемлекеттік қызметтің сапасының артуына үлес қосуға шықырамыз.
Осы сауалнамаларға кіру үшін: https://t.me/SalyqBot?start=opros_gos («Мемлекеттік қызметтер бойынша сауалнама»), https://t.me/SalyqBot?start=opros_korup («Сыбайлас жемқорлық туралы сауалнама») сілтемелер бойынша өту жеткілікті. Немесе «SalyqBot» қосымшасына автоматты түрде жүргізілетін QR- кодтар арқылы телефонның камерасын немесе кез-келген браузердің камерасын (Google, Яндекс және т.б.) бағыттаңыз.
Сауалнама нәтижелері Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтердің сапасын жақсартуға және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.
Сауалнамаға қатысыңыз! Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!