Жарияланған күні: 06.12.2018 10:26
Өзгертілген күні: 06.12.2018 10:27

Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» IX облыстық спартакиадасының шахмат ойындары бойынша жарыс өтті.

Спартакиада тоғыз құмалақ, волейбол, үстел теннис, оқпен ату, шахмат, жүзу, футбол, шаңғы жарысы спорт түрлері бойынша  өткізіледі.

Шахмат жарысына 10 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде Қазынашылық департамент уәкілдері жеңіске қол жеткізді, екінші орында облыстық әкім аппарытының құрама командасы, ал үшінші орында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері.

   Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасының құрамы

     Көкшетау қаласы бойынша  Мемлекеттiк  кірістер басқармасы басшының орынбасары Айнаш Дүйсебаева, «Көкшетау-кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Абай Шәйкенов және Көкшетау қаласы бойынша  Мемлекеттiк  кірістер басқармасының бас маманы Сабыржан Мұстафин.

           Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Спартакиаданың келесі спорт түрі суда жүзу ағымдағы жылдың 8 желтоқсанда өтеді.