Жарияланған күні: 11.04.2024 18:17
Өзгертілген күні: 11.04.2024 18:21

     

     Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері басқа да атқарушы органдар мен мекемелердің қызметкерлерімен бірлесіп ұзындығы 1200 метр, биіктігі екі жарым метр жаңа бөгет салуға атсалысты.
Жұмыс екі ауысымда жүргізілді. Жедел штаб су қоймаларынан төгілу деректеріне негізделген болжамдарды ескере отырып, су тасқыны жағдайын бақылайды.

 

Қазіргі уақытта Нұра өзенінің сағасында су массаларының жүйелі түрде таралуы байқалады.

 

Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бір күндік жалақысын су тасқынынан зардап шеккендерге аударды.