Жарияланған күні: 04.03.2024 16:45
Өзгертілген күні: 04.03.2024 16:46

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 5 тармағы  бойынша 2024 жылғы 20 наурыздан бастап оның жекелеген бөлімшелерінің кедендік және салықтық әкімшілендіру салаларындағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағыттар бойынша ішкі талдауын жүргізеді:

  1. талдау объектісінің қызметіне әсер ететін, нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, нормативтік құқықтық актілерде, бизнес-процесстерде, салықтық және кедендік әкімшілендіруде, Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде және т.б сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы l.zhaparova@kgd.gov.kz электрондық мекенжайға хабарлауларыңызды сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда 72-11-78 телефоны бойынша хабарласу қажет.