Жарияланған күні: 23.04.2018 11:31
Өзгертілген күні: 23.04.2018 11:32

Күн өткен сайын көркейiп, ажарлана түскен Көкшетау — баршамыздың ортақ үйiмiз. Көкшетауда қаланы санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша көктемгi жалпықалалық сенбiлiк өттi.

Шараға әр саладағы мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорын ұжымдары, оқушылар мен студенттер қатысты.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің қызметкерлері басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері сияқты аумақты тазарту бойынша жыл сайынғы дәстүрлі  жалпы қалалық сеңбілікке қатысты. Департаментке бекетілген аумақ тазартылып, ағаштар және бордюрлер әктелді, қыс бойы жиналған қоқыс шығарылды.  Сонымен қатар Қопа өзенінің жағысы жиналған қоқыстан тазартылды.

Сүйікті қаламызды таза ұстайық! Таза қала - әрқашан әдемі және жас!