Жарияланған күні: 15.09.2022 14:56
Өзгертілген күні: 15.09.2022 14:57

Қазақстан Республикасында цифрлық таңбалау операторы болып табылатын "Қазақтелеком" АҚ өкілдері темекі өнімдерінің көтерме және бөлшек сатушыларымен тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесін (ТТҚ АЖ) тіркеу және жұмыс істеу тәртібі бойынша семинар өткізді. 

Кездесу барысында "Қазақтелеком" АҚ мамандары Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп таңбаланған тауармен жұмыс істеу тәртібі бойынша ұсыныстар берді, ақпараттық жүйеде жұмыс көрсетілді.

Бұдан басқа, ТТҚ АЖ функционалының жұмысы, мобильді қосымшалармен жұмыс, сондай-ақ жүйеде тіркеу тәртібі және қолданыстағы заңнамаға сәйкес темекі бұйымдарын айналымнан шығару тәртібі бойынша практикалық ұсынымдар берілді. 

Кездесу барысында проблемалық мәселелер талқыланды, оларды шешу бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ жүйе жұмысын жақсарту үшін семинарға қатысушылардан ұсыныстар назарға алынды.