Жарияланған күні: 20.03.2023 18:32
Өзгертілген күні: 20.03.2023 18:34

Наурыз мерекесінің басталуын Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері көңілді әндермен, шығыс билерімен және қазақтың халықтық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетумен қарсы алды.

Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жаң бітіретін Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам, жаңғырту мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Наурыз – ағайынды баурмалдыққа, көрші-қоланды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі - деді құттықтау сөзінде Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин.  
Бүгінгі күні мерекенің негізгі қағидалары өзгерсіз -  бұл адамдардың әл-ауқаты мен бірлгі, гуманизм мен ыңтымақтастық құңдылықтарын бекіту, бейбітшілік пен келісімді сақтау.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ибраев құттықтау сөз сөйлеп, зор денсаулық  және еңбекте табыс тіледі.
Ұлыстың күні құтты болсын!