Жарияланған күні: 17.08.2018 17:16
Өзгертілген күні: 24.08.2018 18:23

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі мемлекеттін экономикалық қауіпсіздігін қамтуда манызды орын алады. Біздің мемлекеттін экономикасының өркендеуі, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, мемлекеттік бюджеттің салық түсімдерінің тиімді түсуі, көлеңкелі экономикаға қарсы қүрес, халықтың құқық білімі мен салық мәдениетін ұлғайту – осынын бәрі мемлекеттік кірістер органдарынын қызметкерлерінің іждағатты жұмысы.

Көкшетау Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев ұжымыды құттықтап, осыдан төрт жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау Комитеті және Салық Комитеті қайта ұйымдастырылып, Мемлекеттік кірістер комитеті құрылғаны туралы атап өтті. Бір мезгілде ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін тарату жолымен, экономикалық және қаржы саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша міндеттер ҚР ҚМ МКК-не берілді. Біріктірудің бірден-бір неғізгі мақсаты – шағын және орта бизнестің іскерлік белсендіріктерін қолдау бойынша, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтерге қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмыстарын жалғастыру.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысындағы басымдылық бағыттарының бірі ол жоспар көрсеткіштерін орындау және мемлекеттік бюджет түсімдерін көбейту. Салық түсімдерінен түсетін табыс азаматтардың алдындағы әлеуметтік борыштары орындалады.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қортындысы бойынша мемлкеттік бюджеттің жоспары 105,3% орындалып 77 млрд. 702 млн. теңге түсті.

Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 23 млрд. 624 млн. теңге артып түсті, немесе 143,7%.

Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 4 мың 897 тауар декларациясы ресімделген, олардың ішінде 2623 экспорттық декларациялар, 1886 импорттық декларациялар және басқа процедуралар бойынша – 388 тауар декларация рәсімделген.

Өткен жылмен салыстырғанда экспорттың өсуі 782 декларацияға, және 229 декларацияға импорттың төмендеуі байқалады.

Экономикалық тергеу қызметімен қылмыстық істер бойынша 241млн. 130 мың теңге залал өтелді.

 Бұл нәтижелер барлық ұжымның үйлестірілген жұмысының арқасында жүзеге асырылды.

Мереке қарсаңында бір қатар қызметкерлер марапатталды.

Міндеттерін үлгілі орындағаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының күні мерекесіне орай Сандықтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ксения Тайгунова, Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасының бас маманы Бекболат Кокушев, жедел іздестіру басқармасының бас маман – аға офицер Әли Амрин «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгімен марапатталды.

Борыштармен жұмыс басқармасы мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы Ақмарал Мейірманова, тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы тарифтік реттеу бөлімінің басшысы Шнар Сәбиева, «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы» кеден бекетінің басшысы Ержан Сексенов, қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы бақылау-әдістемелік бөлімінің басшысы Айбек Бытышев және мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Игорь Скиданов  Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 Үздік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының және Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Алғыстары берілді.

Қаржы министрлігі және аймақтық бөлімшелерің жұмысын БАҚ-да белсенді жарияланған үшін

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен РТРК «Қазақстан» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Әлібек Татанов,

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алғыс хатымен «Кокшетау сегодня» облыстық газетінің редакторы Олеся Жағпарова,

 Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының алғыс хатымен «Казахстанская правда» республикалық газетінің арнайы тілшісі Шыңгыс Тәшенов марапатталды.

Департамент қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарын құрылған күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Еңбек ардагері» төс белгімен мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Доскен Шерьязов марапатталды.

 Шара барысында «Мемлекеттік кірістер органдарының құрылу тарихи туралы» деректі бейне фильм көрсетілді.