Жарияланған күні: 17.01.2018 17:03
Өзгертілген күні: 17.01.2018 17:05
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, 2018 жылдың 31 наурызында жалға (пайдалануға) беру келісімшарттарын тізімін тапсыру мерзімі аяқталады. 
Салық кодексінің 67-1 бабына сәйкес, жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.
Салық есептілігі нысандары (871.00 нысан) және оларды жасау қағидалары Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 432 бұйрығымен бекітілген. 
Бұл салық есептілігі реестр нысанында декларативтік түрінде болады, өйткені ол жалға берушілердің сауда объектісі туралы мәліметтерді көрсету үшін арналған.
Сонымен қатар, салық есептілігін тапсыру мерзімін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілігі қарастырылғаны туралы ескертеміз.