Жарияланған күні: 16.02.2018 16:27
Өзгертілген күні: 16.02.2018 17:18

Ақмола облысының Өнірлік кәсіпкерлер Палатасының аланыңда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі облыстық филиалының қызметкерлерімен жалған ақша тақырыбы бойынша кәсіпкерлерімен кездесу өткізілген.

Әңгімелесу барысында экономикалық, қаржылық құқық бұзушылық пен қылмыстар, жалған ақшаны жасау және тағы басқа сұрақтар  талқыланды.

Кездесу қатысушылары қойған сұрақтарына толық жауаптар алды.