Жарияланған күні: 22.02.2018 11:48
Өзгертілген күні: 23.02.2018 17:58

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Zakon KZ интернет-ресурсында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, арнайы салық режимі, салықтық әкімшілендіру бойынша бөлігінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Кодексі (Салық кодексі) жөнінде вебинарлар курсы орналастырылған, nk2018.zakon.kz. сілтемесі бойынша өтіп көре алатындығын хабарлайды.

Ағымдағы жылдың ақпан айының аяғына дейін халықаралық салық салу, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, ірі салық төлеушілер мониторингі, жергілікті салықтар және бюджетке төленетін басқа төлемдер, электрондық сауда бойынша вебинарлар орналастырылады.