Жарияланған күні: 13.01.2017 14:55
Өзгертілген күні: 13.01.2017 14:56

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызмет  көрсету  басқармасының басшысы Назгүл Аюпова  «Хабар» телеарналарына мүлік пен ақшаны жария ету туралы сұхбат берді.

2016 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасында мүлікті пен ақша құралдарын  жария ету бойынша акция аяқталды.

Акцияның қорытындысы бойынша  комиссиямен жергілікті атқарушы органдары арқылы 17 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын 4533  объектісі жария етілді.

    Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік кірістер органдарына  2 млрд. 800 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражаттарын жария ету үшін 42 арнайы декларациясы  табыс етілді.