Жарияланған күні: 03.10.2022 18:42
Өзгертілген күні: 03.10.2022 18:43

Жоғары лимит 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін қолданылады

Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) кеңесі осы жылдың сәуір айында жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) бажсыз әкелу үшін жоғары лимиттің қолданысын 1 мың еуроға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұрын мұндай шек уақытша негізде ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін белгіленген болатын, ол кезде Комиссия Кеңесі тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдерімен тасымалдайтын, сондай-ақ әуе немесе жаяу тәртіптен басқа көліктің барлық түрлерімен багаж әкелетін тауарлар үшін бажсыз әкелу шегін 1 мың еуроға дейін көтерген болатын.

2022 жылы наурызда ЕЭК кеңесі интернет-сауда шеңберінде жеке тұлғалар сатып алатын тауарларды бажсыз әкелу лимитін 200 евродан 1 мың евроға дейін арттыруды бекітті. 

Сәуірде ЕЭК жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларын Ресейге, Беларуське, Қазақстан мен Қырғызстанға әуе көлігі және жаяу жүру тәртібі арқылы орын ауыстыруынан басқа көліктің барлық түрлерімен бажсыз әкелу шегін 500-ден 1 мың евроға дейін ұлғайтты.