Жарияланған күні: 18.04.2016 18:08
Өзгертілген күні: 18.04.2016 18:10

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясат басымдылығының бірі ретінде анықталды. Осы мемлекеттік саясаттың қорытындылары мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметшілердің өздерімен сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдау өзгерістерінде байқалды. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағытын одан әрі анықтау үшін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы әзірленіп, қабылданғаны жай емес. «Қазақстан 2050»: Құрылған мемлекеттің жаңа саяси курсы» стратегиясы ұлттық қауіпсіздіктің тура қатер дәрежесінде сыбайлас жемқорлықты тұрғызып, мемлекет пен қоғамды осы жағымсыз көрініспен күресуде күш біріктірісуді көздейді.

  Жемқорлық көрінісін бұлтартпау және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірге кең масштабты сыбайлас жемқорлыққа қарсы компания жүргізілуде. Облыста 1 сәуір күні «Адал жол – честный путь»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өтті. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның бірінші эстафетасын Көкшетау қаласы қабылдады. Марафон шеңберінде қалада әр түрлі іс-шаралар: тақырыптық пікірталастар, жастар флешмобтары, мемлекеттік мекемелерде ашық есік күндері өткізіліп жатыр.

  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Әдеп бойынша хатшы меңгерушісі – Дархан Хайруллиннің қатысуымен семинар өтті, ол мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылу тәжірибесі туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы» баяндамамен Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Жанбек Шампиков сөз сөйледі.

  Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттік кірістер органдарында жүйелі және кешенді сипатта болады. Қаржы ведомствосы айтарлықтай көлемде мемлекеттік қызмет көрсетеді, бизнеспен және азаматтармен өзара тығыз байланыста, сондықтан да қызметшілер тәртібін бақылаумен шектелмеу керек, түсіндіру – профилактикалық жұмыс жүргізу қажет.

  Сыбайлас жемқорлық қауіптерін ескерту және алдын алуға, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуге, қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліміне, жоғары моральдық - әдептік нормалар мен «нөлдік шыдамдылық» жемқорлық көрінісіне тәрбиелеуге бағытталған шаралар біздің қызметтің басымдылығы болып табылды.  Бюрократиялық іркілісті жоқ қылу және салық төлеушілердің қызметті алу жолын «тездету» ізденісінің қажеттілігі мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау. Салық төлеушілерге қызмет көрсету барысында қызметшілердің әрекеттерін регламенттеу жолымен көрсетілетін қызмет көрсетулердің сапасын жақсарту бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер департаменті электронды түрде ұсынылатын салық және кеден қызметтерінің санын өсіру жолымен салық төлеушілермен қызметшілер байланысын азайтуға тырысып жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына қызметтердің бір бөлігін беру бойынша жақсы пилот өткізілді (бұрынғы ХҚО).

              Мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызметтердің 52 түрі көрсетіледі, салық бағыты бойынша қызметтер - 32, кеден бойынша – 20, сондай-ақ 25 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы альтернативті негізде салық бағытында көрсетіледі.

             2016 жылғы 1 тоқсанда Департаментпен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 231 мың 324, соның ішінде электронды түрде 197 мың 494 немесе 85,3%. 52 қызметтің ішінде 34-і толығымен автоматтандырылған депа айта кеткен жөн.

             Кеден тарифі бойынша көпшіліктің электронды сервисі іске асырылды, онда сыртқы экономикалық қызметтегі әрбір қатысушы тауар номенклатурасының, баж мөлшерлемесі мен рұқсат етілген құжаттардың қажетті жинағының кодын анықтау бойынша анықтамалық ақпаратты тегін ала алады.

             Салық төлеушілер мен мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттармен электронды алмасу жүйесі үнемі жетілдіріледі, ұсынылатын қызметтердің жаңа функциялары қосылады, облыстың мемлекеттік кірістер органдарының барлық құрылымдық бөлімшелерінде терминалдар бар, онда кез келген салық төлеуші «Салық төлеуші кабинеті» қызметін қолдана алады, сонымен қатар электронды алмасу бағдарламаларын қолдана алады, терминалдағы барлық қызметтер тегін түрде жүргізіледі.

             Тұтас алғанда, айқындылық принципі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негігі факторы болып табылады, сондықтан да оны енгізу жұмысы үнемі, жүйелі негізде,  соның ішінде сапа монитроингі мен мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімділігі жолымен жүргізіледі.

              Барлық қабылдау орталықтарында және құжаттарды өңдеулерде  web-камералар орналастырылған, олар нақты уақыт режимінде қызмет монитрингісін өткізуге, қызметшілердің кәсіби әдеп деңгейін бақылауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің деңгейін төмендетуге ерік береді.

             Бейне-аудио жазбаларды өткізу туралы ескерту салық төлеушілердің өздерін тәртіпке салады, жалған және дұрыс емес ақпараттарды беруге мүмкіндік бермейді, ол қызметшілер әрекеті  жағынан шағымдардың санын азайтады.

             Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар бақылау әдісіне тәсілдемелерде өзгереді. Ең алдымен бұл жоспарлы тексерістің тоқтатылуы, тәуекелдер басқару жүйесіне ауысуына қатысты. Тексеріс саны бірлескен мекемелерінде берілген жүйені қолдану мүмкіндігінің кеңейуіне байланысты қысқартылады. Сонымен қатар, бизнеске деген қысым да айтарлықтай төмендейді, тексеріс тиімділігі өседі, бейне бақылау сапасы мен нәтижелілігі жақсарады.

               Азаматтар сенімін және лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану және  Әдеп кодексі нормаларының бұзушылығы фактілері жөніндегі өтініштердің уақтылығын, құқық бұзушылық пен қылмыс жасау және сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратқа жедел жауап беруді одан әрі бекіту мақсатында Департаментте әр аумақтық бөлімшелерінде шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер орналасқан.

  Мемлекет мүдделерін басшылыққа ала отыра, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы көрінісін тоқтатылады, қызмет жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігінің артуына бағытталған жаңа басымдықты міндеттер іске асырылады.

Көрсетілген  шара шеңберінде, Көкшетау жастарының ресурстық орталығы,  Мемлекеттік кірістер департаменті және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен  «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты жастар флэш мобы өткізілді.