Жарияланған күні: 01.03.2019 18:09
Өзгертілген күні: 01.03.2019 18:10
Алғыс айту күні - ерекше мәнімен және рухани қуанышпен толтырылған жаңа мереке.

Көктемнің алғашқы күні Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Зеренді ауданының Қызыл таң ауылының мектебіне сапарға шығып окушыларды мерекемен құттықтады.

Наурыз айының бірінші күні елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл - Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім- дейді Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев .

Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету - Дала халқы үшін жазылмаған заң. Мұндай дүниетанымның негізінде адамға деген шынайы құрмет қалыптасқан. Отанымыздың тарихы мен жинақтаған тәжірибесінен асқақ гуманизмнің, адал ниет пен шынайы ризашылықтың мыңдаған дәлелдерін көруге болады. Көптеген жылдар бойы талай тағдырлардың тоғысуы, жүздеген этностардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуы дара Көшбасшымыздың жетекшілігімен, қайталанбас рухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлт болып ұйысып, болаттай берік бірлігі бар еңселі ел болуымызға негіз қалады.

Жастар ежелгі күндерді, көп ұлтты Қазақстан қалыптасқан тарихи оқиғаларды білу және құрметтеу керек.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қазақ, орыс, белорус, кәріс, неміс, татар, балкарлар және тағы да басқа ұлттар жұмыс атқарады. Біз бірге мереке күнімізді өткіземіз. Біздің еліміз біртағдырымыз ортақ – дейді қосылған құн салығының әкімшілендіру басқармасының бас маманы Марина Ермаханова.
Шара барасында мереке байланысты бейнероликтар көрсетілді.
Қамқоршылар мерекелік концертті тамашалады.
Балаларға тәтті тағамдармен дастархан жайылды.

Мерекелеріңізбен!