Жарияланған күні: 07.09.2018 17:54
Өзгертілген күні: 07.09.2018 17:54

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің бастамашылықпен «Адал кәсіпкерлік/Честное предпринимательство» жобасының тұсаукесері өткізілді.

Департаментінің өкілдері жобаның міндеттерімен таныстырды.

Жобаның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің азаматтық белсенділігін арттыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, тауар, жұмыстар және қызметтерді тұтынушылар ретінде өздерінің  мүдделерін қорғау мәселелері бойынша, көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартуға бағытталған.

Мемлекеттік кірістер департаментінің  қызмекерлері тегін «Wipon» мобилді қосымшасының функционалдық жабдықтауы және мүмкіндіктері туралы атап өтті.

Сонымен қатар  «Адал кәсіпкерлік /Честное предпринимательство» жобасының қатысушылары бір мезгілде   Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының қолдауымен Мемлекеттік кірістер Комитетімен өткізіліп жатқан «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»  акциясының  қатысушыларына айналады деп атап өткен жөн.

Бір түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі. Акцияға қатысу үшін түбіртек  фотосын жіберу кажет, онда жеке сәйкестендіру нөмірі, бенефициар сәйкестендіру нөмірі, күні, уақыты, қорытынды сомасы, фискальдық белгілері  анық көрінуі керек.

Акцияның жеңімпаздары  жүлделерімен марапатталады

Бас финал Мемлекеттік кірістер комитетінде жылдың аяғында өткізіледі. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Жоба қатысушылары мемлекеттік қызметшілер өзінің белсенділігін көрсетіп, бюджет түсімін арттыруға үлес қосып, жобаның идеясын айналасындағылардың   арасында тарады деп көзделіп отыр,